№ 3 қалалық емханаға қарасты Береке ықшам ауданында «Береке» дәрігерлік амбуляториясы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен NCOC компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар қатысты. Жаңа дәрігерлік амбулатория медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Мұндағы 33 кабинет қажетті заманауи компьютерлік техникамен, интернетпен толық жабдықталған. Барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай салынған. Жаңа амбулаторияда 7 мыңнан астам тұрғын медициналық көмек ала алады. Бір ауысым 80 пациентке арналған. Сонымен қатар, амбулаторияда жалпы тәжірибелік дәрігерлердің 5 кабинеті, күндізгі стационар, егу және емдеу мен гинекология, стоматолог, дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, дені сау балалар бөлмесі, 8 керуетті күндізгі ситационар жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін Береке тұрғындары № 3 қалалық емханаға келіп медициналық қызмет алса, енді отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда қызмет көрсетуге толық жағдай жасалуда. Айта кетейік, амбулатория №3 қалалық емханаға қарасты.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/532-bereke-d-rigerlik-ambulyatoriyasy-ashyldy.html#sigFreeIddbbf1b4e0d