Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

“МӘМС туралы” Заңға сәйкес жұмыс беруші ай сайын қызметкердің әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары мен жарналарын жүргізуі керек.

Егер бір айда төлем болмаса, мәртебе “сақтандырылмаған” болып өзгереді. Көбінесе қызметкер ұзақ (күнтізбелік 1 айдан астам) еңбек демалысына кетсе, жұмыс берушілер бірнеше кезеңдегі міндетті төлемдерді біріктіреді. Алайда, МӘМС үшін қызметкердің табысынан төлемдерді жүзеге асыру кезінде оларды міндетті ай сайынғы аударымдарда олқылықтар болмайтындай және тиісінше қызметкер Сақтандырылған тұлға мәртебесін сақтап қалатындай етіп, демалыстың әрбір айы бойынша бөлу керек


ӘМСҚ Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері МӘМС жүйесінің, маңыздылығы тұралы халық арасында түсіндірме жумыстарын жүргізді. Халықты ақпараттандыру және арыз - шағымдарды қарау бөлімінің бас сарапшысы Сағынбек Аронов және N3 Атырау қалалық емхананың мамандары бастаган белсенді топ «Мұрагер» сауда орталығында тұрғындар арасында «Медицина жанынызда» акциясын бірлесіп откізді. Аталған акция аясында тұрғындарға медициналық консультация беру, диагностикалық тексерулер (кан қысымын өлшеу, кант өлшеу, бейінді мамандардын кенесі) жургізіліп, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, МЭМС шеңберінде
медициналық көмек алу бойынша бағыт - бағдар берілді.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId90fed3f649


Жеке кәсіпкерлердің МӘМС бойынша сұрақтары

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId3a099b27ca


Егер адам басқа ЖСН - ге жарна төлеген болса, енгізілген күн немесе деректер қате болса, ақшаны қайтаруға немесе басқа мерзімге қайта төлеуге бола ма?

МӘМС үшін төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ оларды қайтаруға болады

Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - қа өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет
Мемлекеттік корпорациялар мекен - жайын gov4c.kz сайтынан табуға болады

Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Төлем қандай түрде жүргізілсе, дәл солай қайтарылады

Мемлекеттік корпорация келесі себептер бойынша ақшаны қайтармайды:

  1. Өтініште банктік деректемелер қате көрсетілсе
  2. Өтініш ҚР ДСМ 2017 ж. 30 маусымдағы N478 бұйрығында бекітілген түрінде жазылмаса
  3. Өтініште қайтару себептері қате көрсетілсе
  4. Өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе
  5. Егер ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса
  6. Егер ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерімен расталмаса
  7. Егер қайтаруды ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматы рәсімдесе (немесе шетел азаматының отбасы мүшесі)




Мәмс арқылы медициналық көмекті қалай алуға болады?

Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық - санитарлық көмек (МСАК) көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелу қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан болуы керек екенін есте ұстаған жөн.

Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, уақыт бөліп, тіркелгеніңіз жөн. Онсыз сіз дәрігердің қабылдауына және диангонстикадан өте алмайсыз. Сондай - ақ көмектің басқа да түрлеріне жолдама берілмейді.

Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. МӘМС - тің кеңейтілген пакетіне қол жеткізу үшін сізге "сақтандырылған"мәртебесін алу қажет. Мұны Қордың сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе @saqtandyrybot жеделхат - ботының көмегімен тексеруге болады.

Үшінші. Емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз. Мұны мобильді қосымша арқылы немесе сіздің қалаңыздың бірыңғай байланыс орталығы немесе емхананың call - орталығы арқылы жасау тиімді. Талонды алу үшін қабылдауға сәл ертерек келген дұрыс. Бүгінде әрбір қалалық емханада электронды кезек жұмыс істейді.

Сіз участкелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді маманға жүгіне алмайтыныңызды есте ұстаған жөн

Төртінші. Участкелік дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай - күйін бағалау үшін бейінді маманға кеңес береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ‼️

Зерттеуге немесе бейінді мамандарға жолдама медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ғана беріледі

Естеріңізге сала кетейік, медициналық көмек алу мәселелері бойынша және кез келген туындаған мәселелер бойынша сіз әрқашан келесі қолжетімді ресми байланыс арналары: 1414 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, Қор сайты арқылы хабарласа аласыз www.fms.kz, Telegram - дағы Saqtandyry - bot.


Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Скрининг - бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау

Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі

1. 0 - ден 18 жасқа дейінгі балалар
2. 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер
3. Тәуекел топтары

Аурулар:

  • Мінез - құлықтық тәуекел факторлары
  • Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті
  • Глаукома
  • Жатыр мойны обыры
  • Сүт безі обырын қатерлі ісігі
  • В және С вирустық гепатиттері

Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек

Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар

Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті


Дербес төлеушілер алдын ала бір жылға МӘМС мәртебесін қалай ала алады?

Төлем жасамас бұрын, мәртебеңізді және соңғы 12 айдағы төлемдердің болуын тексеріңіз. Мұны Qoldau - 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram - дағы SaqtandyruBot арқылы немесе eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы жасауға болады.

Үзінді көшірмеде сіз әр ай үшін төлемдерді жеке - жеке көресіз. Егер сізде бірнеше төленбеген ай болса, сізге олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады. Бірақ осыдан кейін мәртебеңізді жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды төлеуді ұмытпаңыз.

Егер сізде ешқандай төлем болмаған жағдайда, онда алдыңғы жылдың барлық ақысын төлемеу үшін 12 ай бұрын жарна салған тиімді.

Жарналарды төлеу әдістері бірдей болып қалады. Төлемді кез келген екінші деңгейдегі банк немесе банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары немесе Қазпошта филиалдары арқылы жасауға болады.

Егер сіз бір жылға төлем жасасаңыз, мұндай төлемнің бірінші айы болашақ кезең, яғни келесі ай ағымдағы кезең болып саналатынын түсіну керек. Сонда ғана сізге мәртебе беріледі. Мәртебені бірден алу үшін алдымен ағымдағы айға, содан кейін келесі 12 айға ақы төлем жасау керек.

Жүйе оларды дұрыс санау үшін жарналар әр ай үшін бөлек төленеді. Сіз жыл бойы бір реттік төлем ғана жасай алмайсыз. Төлем жасау кезінде ЖСН, төлем енгізілетін ай мен жылды дұрыс көрсету маңызды.

Сіз 12 айға төлемдерді бірден жасай алмайсыз, өйткені жүйе әр ай үшін төлемді бөлек оқиды.

Жарналарды 3 жұмыс күні ішінде төлегеннен кейін жүйеге барлық төлемдердің түсуін және мәртебенің берілуін тексеру қажет. Еске салайық, мұны Qoldau - 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram - дағы SaqtandyruBot немесе eGov.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы жасауға болады.

Төлем ұзақ уақыт бойы жүйеге түспесе, төлем кезінде қате жіберілген болуы мүмкін. Қате жіберген кезде мәртебені жоғалтпау үшін сіз осы кезең үшін жарналарды қайтадан төлеуіңіз керек, ал қате төленген соманы қайтаруға қоюыңыз керек. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш берген жағдайда жүзеге асырылады.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId9f149078b7



Атауы Жүктеу
1 2024 жылға арналған МӘМС төлемдері
2 2024 жылға арналған МӘМС буклет

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЕНДІ БАНК ҚОСЫМШАЛАРЫНДА ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ

Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру қызметі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) енді Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларына енгізілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсетудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Енді бұны кейбір екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) мобильді қосымшаларында жасауға болады.

Алдағы 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені Халық банкінің қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобильді қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС» бөлімшесінде ЖСН жазу керек. Halyk арқылы медициналық ұйымға тіркелгені туралы ақпарат қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтерге» кіріп, «Анықтамалар» батырмасын басқан кезде тұрғылықты мекенжайы, емхананың атауы, тіркелген күні көрініп тұрады.

Алдағы 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені ЦентрКредит Банкінің қосымшасы арқылы да білуге болады. BCC.KZ мобильді қосымшасын орнатқаннан кейін, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС туралы ақпарат» бөлімшесінде ЖСН жазу қажет.

Сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасын орнатып, Kaspi Bank қосымшасында сақтандырылған мәртебесін тексеруге болады. Авторизациядан өткеннен кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, ары қарай «МӘМС мәртебесін» таңдау керек.

Соңғы 12 ай ішінде төленбеген кезеңдер болса, оларды банк қосымшаларында төлеуге болады. Төлемдер тексерілгеннен кейін «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы
  • Damumed мобильді қосымшасы.

Сондай-ақ, Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId131997e96f


МӘМС мәселелері бойынша  түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Атырау 3 қалалық емханасының мамандары МӘМС мәселелері бойынша тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ емханаға тіркелу тәртібін түсіндіріп, МӘМС жүйесіндегі жұмыс сызбасын және өз мәртебесін анықтау жайын айтты. Біздің пациенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық материал да таратылды. Сондай-ақ , жақында Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының бас сарапшысы Сағынбек Аронов жиналыс өткізіп, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап МӘМС үшін кім және қанша төлейтінін айтып берді.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId3a28fa3753


Жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қатысты жиі кездесетін бес сұрақ

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId0afe3e0ab7


Науқастармен кері байланыс арналары

 


МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАРАЖАТЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ЖҰМСАЙТЫН «ҚАЛТА» ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ 5,4% - ҒА ТӨМЕНДЕДІ

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды реформалау, ең алдымен, бұрын мемлекет кепілдік берген пакетте қаржыландырылмаған қымбат оталар мен тексерулердің барлығының қолжетімді болуына байланысты қазақстандықтардың отбасылық бюджетін үнемдеуге бағытталды.

Үнемделген қаражатын адамдар білім алуға және әл ауқаттарын жақсартуға жұмсай алады.

Егер 2017 жылы халықтың медициналық қызметтерге ақы төлеуге жұмсайтын жеке шығыстарының үлес салмағы денсаулық сақтаудың жалпы бюджетінің 33,1% -ын құраған болатын, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген рұқсат етілген шектен 1,5 есе дерлік жоғары, ал 2022 жылы Ұлттық шоттардың деректеріне сәйкес «қалта» шығындары 27,7% - ға дейін төмендеді.

МӘМС енгізілгенге дейін азаматтар амбулаториялық емханалық көмекке және дәрілік заттарды сатып алуға көп шығынданатын.

Медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін бұрын қаржыландыру тапшылығында болған медициналық көмектің көптеген түрлеріне қосымша қаражат бөлінді.

Мысалы, 2022 жылдың деректері бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 3,5 есеге, медициналық оңалту 12,5 есеге және консультациялық-диагностикалық көмек 14 есеге көбейді.

Осы тұрғыда МӘМС медициналық көмекті қаржыландыру көлемін 1,1 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін, ал еліміздің бір тұрғынына денсаулық сақтау шығындарын - 56,8 мың теңгеден 121,7 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Тек амбулаториялық деңгейде бекітілген бір азаматқа жұмсалатын шығыстар 2,5 есеге - 15,9 мың теңгеден 39,9 мың теңгеге дейін өсті.

МСАК-ты қаржыландыру денсаулық сақтау бюджетінің 34% - ын құрады. МСАК деңгейінде шығыстардың айтарлықтай өсуіне қарамастан, бастапқы қаржыландыру ДДҰ МСАК қаржыландыру стандарттарымен ұсынылған Денсаулық сақтау бюджетінің 60% - на жетпейді.

Сондықтан алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстарды ұлғайтуды жалғастыру қажет, өйткені ол медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын, техникалық жарақтандыруды, кадрлармен қамтуды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін дамытуға, әлемдік стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетудің үздік тәжірибелерін енгізуге ықпал етеді.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId96c453f15e

 

 


View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeIdcde1716dbf


Атауы Жүктеу
1 ГОБМП и ОСМС  

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeIdcf5ee34593


МӘМС төлемдері

№ 3 Атырау қалалық емханасында жиналыс өтті, онда МӘМС төлемдері мәселесі қаралды. Емхана директорының орынбасары Миргүл Кенжеғалиеваның айтуынша, облыс көлемінде "әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры" филиалының деректері бойынша 2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшері өзгереді.  Атап айтқанда, жұмыс берушілер жұмыскерлер үшін-жалақы мөлшерінің 3%,  бірақ 21 мың теңгеден аспайды. Жалдамалы жұмыскерлер мен МЖӘ шарты бойынша жұмыскерлер-өз табысының 2%,  14 мың теңгеден аспайды. Жеке кәсіпкерлер ЕТЖ мөлшерінің 1,4 еселенген мөлшерінен 5% немесе 4900 теңге төлейді. Өзін - өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе БЖТ төлеушілер: - республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3450 теңге, қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ 1725 теңгені құрайды. Дербес төлеушілер-1 ЕТЖ - дан 5% немесе 3 500 теңге.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeIdf00bd8f394


View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/55.html#sigFreeId1c7df06baf


 

Буклет для населения