N°3 Атырау қалалық емханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Емхана директоры Айман Өтегенова ұжымды мерекемен құттықтап, жұмыста табыс, отбасыларына береке мен амандық тіледі. Айман Бағитжанқызы жұмыста ерекше көзге түскен мамандарға алғыс хат және "Aqniet" Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық филиалының Құрмет грамоталарын табыс етті. Сондай-ақ, осы күні мекеме басшылығы 50,55,60 жылдық мерейтойын атап өткен қызметкерлерді құттықтады. Марапатпен құттықтаймыз.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/556-a-khalatty-abzal-zhandar-ly-taldy-2.html#sigFreeIdb424b9b192