Өлім туралы медициналық анықтаманы қалай алуға болады? Кім береді?
Медициналық анықтаманы көп жағдайда патологиялық-анатомиялық бюро береді. Неліктен? Ең алдымен, денені анықтаған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру қажет. Адам шұғыл көмекке мұқтаж болуы мүмкін немесе кома жағдайында болуы мүмкін, сондықтан жедел жәрдем шақыру керек. Егер жедел жәрдем қызметкерлері өлім фактісін анықтаса, олар жедел түрде денені алып, оны патологиялық – анатомиялық бюроға жеткізетін 102 қызметіне хабарлайды. Патологиялық – анатомиялық бюро қызметкерлері өлімнің себебін анықтап, себебін медициналық анықтамада көрсетеді, сондықтан анықтаманы патологиялық – анатомиялық бюро береді.
Қандай жағдайларда емхана анықтама береді? Егер қайтыс болған адамның жасы 65 жастан асқан болса, қайтыс болған адам өлімге әкелетін диагнозы бар диспансерлік есепте болса, дәрігердің жіті бақылауында тұрған (жүректің ауыр декомпенсацияланған аурулары, онкология, бауыр циррозы), онда анықтаманы мәйіттің нақты орналасқан жері (РПН) бойынша емхана береді, бұл ретте анықтама жерлеу жүргізілгенге дейін немесе 3 күн мерзім ішінде құжаттарды тапсыру қажет.
Бұл жағдайда анықтама алу үшін жалпы практикалық дәрігерге хабарласу қажет.
АНЫҚТАМА АЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?
Анықтама алу үшін жеке куәліңізден басқа келесі құжаттарды көрсету қажет:
- Қайтыс болған адамның жеке куәлігі;
- Өлім фактісі туралы жедел жәрдем қорытындысы;
- Учаскелік полиция қызметінің зорлық – зомбылық өлімінің жоқтығы туралы қорытындысы;
- Некеде болған жағдайда, неке куәліктің көшірмесі;
- Амбулаториялық картасы.
Сіз ЖПД бөлімшесінің меңгерушісіне немесе бас дәрігердің орынбасарына баруыңыз керек.....
Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу
№3 Атырау қалалық емханасында бойынша түсіндірме жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы бұйрығына сай алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу. Жиынның төрағасы №3 Атырау қалалық емханасы директорының орынбасары Мейіргүл Кенжеғалиева. Оның айтуынша міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі. Алдын ала қарап-тексеруден өту кезінде қызметкер немесе оқуға түсетін адам өзінде айналасындағыларға қауіп төндіретін және ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстар жағдайларында еңбекке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын созылмалы аурулардың болуы туралы мәліметтерді өз еркімен ұсынады.Медицина қызметкерлері алдын ала қарап-тексеруді жүргізу кезінде аурулар анықталған жағдайда, зерттелетін адамды зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізе отырып,толық қарап-тексеруге жібереді. Алдын ала қарап-тексеру деректері бекітілген нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қызметкердің немесе оқуға түсетін адамның денсаулық жағдайының орындалатын жұмысқа (оқуға) сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және оның еңбекке қарсы көрсетілімдерінің болуы туралы қорытындыны ресімдей отырып енгізіледі. Алдын ала қарап-тексеруден өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған адамдарға бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама беріледі. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша қызметкерлерге толық мағлұмат берілді.
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Перечень услуг оказываемых | |
2 | Перечень медицинских организаий оказывающих дорогостоящие виды услуг прикрепленному населению | |
3 | Прикрепление к поликлинике в Казахстане | docx |