Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603



View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/shkola-zdorovya.html#sigFreeIdd225e38d89


Массаж не үшін қолданылады? 

Адамзат ежелгі заманнан бері массаж жасайды. Бұл адам денсаулығын нығайтудың, аурулардағы кейбір белгілерден арылудың алғашқы әдістерінің бірі болды. Қазір ол әртүрлі аурулары мен жарақаттары бар науқастарды емдеу, оңалту үшін кеңінен қолданылады. Бүгінгі таңда терапевтік массаж медицинаның әртүрлі салаларында ең тиімді құралдардың бірі ретінде қолданылады. Медициналық массаж дененің моторлық және басқа да маңызды функцияларының бұзылуын қалпына келтіруге көмектеседі. Бірақ емхана мамандарының айтуынша, массаждың бірқатар қарсы көрсетілімдері бар.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/shkola-zdorovya.html#sigFreeId72ae3e4288


Дүниежүзілік қалқанша безі күні

Жыл сайын 25 мамыр күні әлемде Дүниежүзілік қалқанша безі күні атап өтіледі. Бұл күнді өткізудің мақсаты – қалқанша без аурулары, оларды емдеу және алдын алудың әдістері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру. Қалқанша безі адам ағзасында маңызды орын алады. Ол жүйке, эндокриндік, иммундық, жүрек-қантамыр, тыныс алу және тағы басқа адам ағзасының барлық жүйесінің жұмыс істеуіне әсер ететін гормондар шығарады. Қалқанша безінің гормондары иммун жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне жауап береді: ағзаның инфекциялармен күресуіне әсер ететін жасушаларын ынталандырады. Қалқанша безі сонымен қатар адамның көңіл-күйіне және сырт пішініне де ықпал етеді. Қалқанша безінің ықтимал аурулары және олардың алдын алу әдістері туралы қоғамның хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында № 3 қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Емхананың эндокринолог-дәрігері Аққу Жақсыбаева мен психолог, СӨС маманы Гүлзада Зейнеденова қалқанша безінің ауруларының алдын алу және аурудың негізгі белгілері туралы айтып берді.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/shkola-zdorovya.html#sigFreeId309f0c2421


Тұзды тұтыну денгейін тиімді пайдалану туралы апталығы

15-21 мамыр аралығында Қазақстанда «Тұзды тұтыну денгейін тиімді пайдалану туралы» апталығы өтуде. Тұз біздің диетамыздағы натрийдің негізгі көзі болып табылады, бірақ бүгінде бүкіл әлемде тұзды тұтыну қауіпсіз мөлшерден асып түседі – күніне 5 грамм. Ас тұзын көп мөлшерде тұтыну миокард инфарктісі, инсульт және т.б. сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуына әкеледі. Тұзды тұтынуды азайтудың негізгі пайдасы жоғары қан қысымын тиісті түрде төмендету болып табылады.

View the embedded image gallery online at:
https://gorpol3.kz/shkola-zdorovya.html#sigFreeId68a1fb8ff3