№ 3 Атырау қалалық емханасының директоры Айман Өтегенова бөлімшелерді аралап көрді. Бұл басшыға медициналық ұйымның жұмысын тиісті деңгейде бақылауға мүмкіндік беретін әкімшілік іс-шара. Аралау барысында медициналық мекемені материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері қаралды. Директор емхана пациенттерімен де тілдесіп, ең өткір мәселелерді, соның ішінде емхана қызметі, этика мен деонтология жайын нақтылады. Әңгімелесу барысында дәрігерлерді күту уақытына ерекше назар аударылып, азаматтардың тілектері мен шағымдарын тыңдады. Айман Бағитжанқызы келушілерге ақпарат беретін арнайы қызметкерлермен де әңгімелесті. Кейін, әріптестерімен қорытынды кеңес өтті, онда кезінде пациенттерден түскен мәселелер талқыланды.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/490-kimshilik-aralau.html#sigFreeId9e28ddb484