№3 Атырау қалалық емханасында түсіндірме жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе «Медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымнан анықтама беру». Жиынның төрағасы №3 Атырау қалалық емханасы директорының орынбасары Мейіргүл Кенжеғалиева. Оның айтуынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру мемлекеттік қызметін алу үшін пациенттер МСАК ұйымына өз бетінше жүгінеді. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша қызметкерлерге толық мағлұмат берілді
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/441-t-sindirme-zhinalysy-tti.html#sigFreeIde23700ec11