№ 3 Атырау қалалық емханасының мамандары қала мектептері мен колледждерінің оқушыларымен Темекі шегудің зияны туралы үнемі түсіндірме әңгімелер, семинарлар өткізеді. Темекі шегудің зияны туралы тақырып № 42, 24 орта мектептерде, Алмалы орта мектебінде, сондай-ақ Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде және Унайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінде өткен іс-шараларда егжей-тегжейлі қарастырылған. Оқушылардың сұрақтарына нарколог-дәрігер Самғат Қайыпов және "Үміт" жастар денсаулығы орталығының маман-психологы Гүлайым Қайыржанқызы баяндама жасап, жауап берді. Іс-шарада темекі, электронды темекі, энергетикалық сусындар, психотроптық заттарды тұтынудың зияны туралы айтылды.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/483-temeki-shegudi-ziyany.html#sigFreeIde8a2d62dac