Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414 Колл центр: 87750301604, 87750301603
|
Служба поддержки пациентов: 87760701414 Колл центр: 87750301604, 87750301603 |
Жаңалықтар
Атырау қаласындағы №3 емханада электронды кезек пилоттық жобасының тұрғындарға таныстырылымы болды, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қ.Аймурзиеваның қатысуымен. Аталған жоба 3 айдың ішінде Атырау қаласының барлық емханаларда жүзеге аса бастайды. Электронды кезектің жүйесі екі тілде жұмыс істейді, бұл жүйе дәрігерлерге де, емделушілерге де тиімді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру шеңберінде ҚР ДСМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен 2017 жылдың 7 сәуірінде республика өңірлерінде Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізу жоспарлануда.
№3 Атырау қалалық емхана Атырау қаласында Баймуханова көшесі 39 үйде орналасқан, 2001 жылы 21 тамызында № 9,10,11 отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың негізінде Атырау облысы әкімінің №22 шешімімен ашылған, куәлік № 4285-1911 ҚЕ 2001 жылдың 24 қыркүйегіеде берілген.