Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414 Колл центр: 87750301604, 87750301603
|
Служба поддержки пациентов: 87760701414 Колл центр: 87750301604, 87750301603 |
Жаңалықтар
Бүгін, 2018 жылдың 27 желтоқсанында Атырау №3 қалалық емханада «Үміт» Жастар денсаулық орталығының салтанатты ашылуы болды, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы жариялаған: «2019 жыл - Жастар жылына» сәйкес келіп тұр.
2018 жылдың 17 қазанында Атырау №3 қалалық емханасына ҚР Премьер Министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары іссапармен келіп, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру процестерімен және «КазМедИнформ» медициналық ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты.
Атырау №3 қалалық емхана ұжымы директор Утегенова Айман Бағытжанқызын Халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау магистрі академиялық дәреже алуымен құттықтайды.
2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Премьер- министрі Бакытжан Абдирұлы Сагинтаев және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Мейрашқызы Актаеваның жұмыс сапарының аясында Атырау қалалық №3 емханасына келіп, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру процестерімен танысты.
2018 жылдың ақпан айында Атырау облысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі - Иван Иванович Клименко және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры - Лаура Мустафьевна Ахметниязова «ҚР ана және бала өлімінің төмендету мақсатында» Атырау облысында атқарылған жұмыстар бойынша іс-сапарымен Атырау қалалық №3 емханаға келуі.
2017 жылдың 2 қазанында №3 Атырау қалалық емханасы "Қарттар күні мерекесіне" орай акция өткізді, акцияның барысында медициналық қызметкерлердің тобы қарттардың үйлерін аралап, қан қысымын өлшеді, қант деңгейін тексерді, ЭКГ аппаратқа түсірді. Сонымен қатар қарттарға азық-түлікпен көмек көрсетілді.