Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Емханадағы Ашық есік күні. Өткен сенбі № 3 Атырау қалалық емханасына әттегіден көп тұрғын ағылды. Ондағы себеп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ұйымдастырылған Ашық есік күні. Емдеу мекемесіне 55 пациент келді. Оларға жалпы тәжірибелі дәрігерлерден бөлек мамандар кеңес берді: дәрігер-кардиолог, невропатолог, гастроэнтеролог, ЛОР маманы, хирург, гинеколог. Бұл күні пациенттер ультрадыбыстық, ЭКГ аппараттарында тексеруден өтіп, медициналық мекеме басшылығына көкейдегі сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды. Емхана директоры Айман Өтегенова қабылдауға келген барлық тұрғындарды мұқият тыңдап, олардың сауалдарына жауап берді. "Біз алдағы уақытта да ерекше назар аударуды қажет ететін тұлғалар үшін осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз бүгін айтылған барлық тілектерді ескеруге тырысамыз", - деді емхана директоры.