Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

№3 Атырау қалалық емханасының мамандары Атырау облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараға облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының профилактика бөлімінің маманы Мереке Баймұханова және емхананың "Үміт" жастар денсаулығы орталығының маман-психологы Гүлайым Қайыржанқызы қатысты және сөз сөйледі. Кездесудің мақсаты-жастардың АИТВ/ЖИТС проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, таралу жолдары мен инфекциядан қорғау әдістері туралы танысу. Іс-шара соңында мамандар студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.