№3 Атырау қалалық емханасының мамандары Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығымен бірлесіп Атырау политехникалық колледжі студенттеріне арналған семинар ұйымдастырды. Кездесуде "АИТВ- жұқпасы дегеніміз не? Оның алдын алу, жұғу жолдары. Қатынасқа дейінгі, қатынастан кейінгі алдын алу" сурақтар каралды, слайдтар көрсетілді. Студенттердің сұрақтарына емхананың жастар денсаулығы орталығының маман-психологы Гүлайым Қайыржанқызы, дәрігер-эпидемиолог Асылай Гайнеденова, Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәрігер-маманы Айнұр Сабекеева баяндама жасап, жауап берді.
Студенттер өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарын ашық қоя алып, нақты жауаптарын алды. АИТВ жұқпасы бойынша видеоролик көрсетілді. Дәріс соңында студенттерге ақпараттық жадынамалар таратылып, кездесуде 150 студент қамтылды.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/524-atyrau-politekhnikaly-kolledzhini-studentterimen-kezdesu.html#sigFreeId1b5cab086b