Атырау қалалық №3 емханада Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Кез-келген адам маманнан тегін кеңес алды. Емхана залының LED мониторлары арқылы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, гепатиттің алдын алу, салауатты өмір салты туралы ақпараттық материалдар таратылды. ДДҰ Қазақстанды Орталық Азия мен ТМД-да гепатитке қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруда көшбасшылардың бірі деп таниды. Вирустық гепатиттердің алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізіледі.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/501-d-niezh-zilik-gepatitpen-k-res-k-ni-ua-yt-k-tpejdi.html#sigFreeId6fae259694