Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі мәселесі. Бұл тақырыпқа №3 қалалық емхана мен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының Атырау қаласы №24 орта мектебінің жанындағы "Достық" балалар лагерінде демалатын балалармен кездесуі арналды. Кездесуде "Үміт" жастар денсаулығы орталығының мамандары: дәрігер Әйгерім Кисапова және психолог Гүлайым Қайыржанқызы және қалалық ТЖ басқармасының инженері Әсел Ғұмарова сөз сөйледі. Олар балаларға жаздың ыстық кезеңінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері туралы айтып берді. Балалардың жарақаттануының алдын-алу, соның ішінде күннің күйіп қалуын және жылу соққыларын болдырмау үшін өзін қалай ұстау керек, дұрыс ішу режимін сақтау керек, көбірек су ішу керек. Сондай-ақ, сөз сөйлегендер су айдындарындағы қауіпсіз мінез-құлық, өрт қауіпсіздігі шаралары тақырыбына тоқталды.