Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін № 3 Атырау қалалық емханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Алдымен, емхана директоры Айман Өтегенова ұжымды мерекемен құттықтап, жұмыста табыс, отбасыларына береке мен амандық тіледі. Айман Бағытжанқызы жұмыста ерекше көзге түскен мамандарға алғыс хат табыс етті. Сондай - ақ, «AQNIET»  Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұртан Сәрсенова жиналғандарды құттықтады.

Ол бақыт пен зор денсаулық тілей отырып, медицина қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төсбелгісін табыс етті. Сондай - ақ, осы күні мекеме басшысы 50,55,60 жылдық мерейтойын атап өткен қызметкерлерді құттықтады. Олар - Сара Қайыржанова, Рахила Мырзабаева, Рахметулла Әміров, Жансая Ыдырысова, Жасұлан Қасымов, Насиха Мырзағұлова, Толқын Беркамалиева.