Әлия Молдағұлова атындағы №22 орта мектептің 6 - 10 сынып оқушылары арасында "Есірткі тозағынан өзіңді сақта" тақырыбында семинар өтті. Оқушылардың сұрақтарына нарколог - дәрігер Самғат Қайыпов және "Үміт" жастар денсаулығы орталығының маман - психологы Гүлайым Қайыржанқызы баяндама жасап, жауап берді. Іс - шарада психотроптық заттарды, электронды темекіні, энергетикалық сусындарды тұтынудың зияны туралы айтылды. Жастарға салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану адам денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екендігі туралы кеңестер берілді.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/454-d-rigerler-o-ushylar-a-temeki-shegu-men-esirtkini-ziyany-turaly-ajtyp-berdi.html#sigFreeId2472a9e423