Тайманов атындағы № 27 орта мектепте 5-6-7-8-9 сынып оқушылары арасында "Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану"тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында № 3 қалалық емхананың" Үміт " жастар денсаулығы орталығының дәрігері Әйгерім Қисапова мен сол орталықтың психологы Гүлайым Телеубаева дұрыс тамақтану, иммунитетті нығайтуға бағытталған шаралар кешені туралы дәріс оқып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Кездесудің мақсаты: оқушыларға дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, тазалық гигиенасын ұстану.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/440-d-rys-tama-tanu.html#sigFreeId7be7fa940a