№ 3 Атырау қалалық емханасының медицина қызметкерлері мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттауда. Келесі күні емхананың "Үміт" жастар денсаулығы орталығының маманы Гүлайым Телеубаева, нарколог-дәрігер Самғат Каюпов Хиуаз Доспанова атындағы №18 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған семинарға қатысты. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, нашақорлықтың, темекі шегудің алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған. Жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Соның ішінде оқушыларға трамадол, анаша сияқты психотроптық заттарды қолданудың адам ағзасына зиянды әсері туралы айтылды.
https://gorpol3.kz/zhanaly-tar/439-propaganda-zdorovogo-obraza-zhizni-2.html#sigFreeIdd8c850fb2e