Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Таңертең жеңіл жаттығулар жасау - денсаулықты нығайту! 7 сәуірде № 3 қалалық емханада Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ойластырылған "Таңертеңгілік жаттығу" акциясы өткізілді. Бұл күн жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі және жердің әрбір тұрғынының денсаулығына назар аударуға арналған. Денсаулық сақтау мекемесінің мамандарының айтуынша, денсаулықты нығайтудың ең маңызды құралдарының бірі - физикалық күш салу. Күніне небәрі 20 минут гимнастикамен айналыссаңыз да, пайдасы баға жетпес болады. "Таңертеңгілік жаттығу" акциясы Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Емхананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлері таңертеңгілік жаттығуларға қатысты.