2021 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлер арасында ресейлік Спутник-V вакцинасымен Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды.
Алғашқылардың бірі болып вакцинаны Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан Байдувалиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Мадиниет Танауов және басқа медициналық ұйымдардың басшылары алды.
Вакцинация 2 кезеңнен тұрады. Біздің емханада вакцинацияның 1 кезеңінде 240 медициналық қызметкер вакцинаны алды, вакцинацияның 1 кезеңінен кейін ешқандай жанама әсерлер тіркелмегенін атап өткіміз келеді.
2021 жылы 22 ақпанда, 1-ші вакцинациядан 21 күн өткен соң, 2 кезең басталды, содан кейін COVID-19 ауруына қарсы вакцинацияланған иммунитет қалыптасады.
Денсаулығыңыз мықты болсын!
#денсаулық #вакцинация #өзіңізгеқамқорлықжасаңыз