Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

ШЖҚ КМК "№3 Атырау қалалық емхана" Атырау қаласында Баймуханов көшесі 39 үйде орналасқан, 2001 жылдың 21 тамызында ашылды.

№3 емханаға тіркелген халық саны - 52977, с.і. балалар 17707, жасөспірімдер 3451, ересектер 31839, сол халыққа медициналық көмекті 33 жалпы дәрігерлік учаскесі, 2 педиатриялық, 2 терапевтік, 6 гинекологиялық учаскелер және күндізгі аурухана көрсетеді.

Сонымен қатар мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: невропатолог, балалар невропатологы, реабилитолог, хирург, балалар хирургы, травматолог, уролог, эндокринолог, балалар эндокринологы, оториноларинголог, офтальмолог, кардиолог, онколог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, эндоскопист, функционалист, УДЗ дәрігері , фтизиатр, фтизио - педиатр, психологтар.

№3 Атырау қалалық емханаға қарасты көшелер мен ықшам аудандар: Привокзальный 3, 3а, 5 ы.а.; 1 - ші участок ы.а.; СМП 163 ы.а.; Огородная к - сі; Контейнер к - сі; Мұнайшы ы.а.; Ардагер ы.а.; Ақжар селосы; Ақсай селосы.

Атырау №3 қалалық емханаға 7 мектеп - №18, №22, №23, №24, №25, №26, №27, және 7 балабақша - №7, №13, №26, №31, №54, №55, №59,

Материалды - техникалық база:

  • Емхана 4 қабатты, стандартты емес ғимаратта орналасқан. Ол орталықтандырылған жылыту, ыстық және суық сумен, канализациямен, энергиямен толықтай қамтамасыз етілген.
  • Емхана екі ауысыммен жұмыс істейді, емхананың жоспарланған қуаттылығы - бір ауысымда 250 адам, емхананың нақты қуаттылығы - бір ауысымда 500 адам.
  • Емхананың өткізу қабілеті - бір ауысымда 1500 адам.
  • Емхана 8.00 - ден 20.00 - ге дейін жұмыс жасайды.
  • Медициналық көмекпен қамту радиусы 3 - 15 км.